Қызылшадан сақтанайық!

Қызылша-кең таралған жіті инфекциялық ауру, көбіне балалар ауырады, дене қызуының  38-40  ⁰С дейін көтерілуі, мұрын, көз, тамақ қабыну, теріде бөртпе пайда болу белгілерімен сипатталады. Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары. Сол үшін де екпе мерзімін қатаң сақтау және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шаралар жүргізу өте маңызды.

Инкубациялық кезең –жұқтырғаннан бастап алғашқы белгілері байқалғанша, 7ден 14 күнге дейін. Есте сақтау керек! ауру суық тию белгілері сияқты басталады- дене қызуы 38-40⁰С көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу.Соңынан көзі қызарып қабыну пайда болады. Шамамен 2-4 күннен кейін ауыз қуысында ақшылдау бөртпелер шығып, 3-5күні бөртпелер айқын дақ түрінде, бүкіл денесін қаптап кетеді. Ұсақ қызғылт дақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып, формасы өзгереді. Бөртпе пайда болып, 2-3 күннен кейін дақтар өршіп тұрған кезде дене қызуы тағы да көтеріліп, 40,5 ⁰С жетуі мүмкін. Бөртпе 4-7 күн тұрады. Бөртпе кеткен соң , орнында қоңырлау дақтар қалады, екі аптадан соң тері тазарады.

Аурудың себептері: Берілу жолы –ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі. Ауырып, жазылған адамда өмір бойға иммунитет сақталады. Қызылшамен ауырмаған және егілмеген адамда өмір бойы ауруға шалдығу қаупі кез-келген жаста болады.

Емдеу жолдары: Жұқпаның жеңіл түрінде үй жағдайында емделген дұрыс. Ешкімге жұқпау үшін, жұғу кезеңінде төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Қызылшаның арнайы емдеу препараты жоқ. Науқасқа витаминдерге бай тағамдар көкөністер, жемістер, шырындарды көп мөлшерде ішу қажет.

Алдын-алу

Қызылшаны алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі- егілу. Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1жаста, екінші екпе 6 жаста болғанда жүргізіледі.

Қызылша пайда болса, ауырған адам болған инфекция ошағында, ұжымда эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі. Инфекция ошағында күн сайын аурумен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеріп, термометрия жүргізеді. Жұқтырған адам болса дереу оқшаулайды.

 

Облыстық көп бейінді аурухана

СӨСҚ дәрігері Куспанова Люция

 


Жарияланды: 28.01.201907:29

Автор: